Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағады екен. Шіркін-ай, менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, – деп зарлауын қоймапты. Бір күні қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді. Саған не болды сонша жы- лап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді. Мен баймын ба? – деп жігіт таңғалады. Ол — қандай байлық? Сенің көзің ше? Бір көзіңді қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт. Оның не?! деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбаста- маймын, Ал енді екі қолын мен аяғыңды алтынға айырбастар ма едің? Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, дейді жігіт. - Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы күш-қуаты мен денсаулығы, - дейді қарт. дейді қарт. — Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осыны айтады да жөнiне кетеді. помогите пж по каз. яз перевести внадо​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.