Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.
- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.
- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз.
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. (С текста подберите синоним к слову)
« баяғыда» «әдемі» _________________________________________ [2]
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз. (Ответьте на вопросы)
1. Жылқы нені армандайды?
_______________________________________________________________________ [1]
2. Жылқы түйені көргенде неге қорықты?
_______________________________________________________________________ [1]
3. Күн жылқыға кімді алып келеді?
_______________________________________________________________________ [1]
4. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз. (По тексту определите порядок действии)
І Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс.
II Жылқы мақтанады.
IІІ Күн түйені алып келеді.
A. II, I, ІІІ B. ІІІ, II, І C. II, IІІ, І [1]
Жазылым
Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз
Напишите письмо своему другу о своей школе. Сохраняйте стиль письма, используя в содержании письма связные, вопросительные, восклицательные предложения . (60-70 сөз).
_____________________________________________________________________________

__________________________________
Answers & Comments
Ответ:
1.ЖЫЛҚЫ СҰЛУЛЫҒЫ
2."БАЯҒЫДА"-ЕРТЕДЕ
"ӘДЕМІ"-СҰЛУ
3.
1)Аяқтары бұдан да ұзын және жүйрік болуды,мойны аққудың мойнындай ұзын,әсем көрікті болуды, Адамды арқалап жүру үшін арқасынан мәңгі алынбайтын ер-тоқымы болуды армандайды.
2)Түйенің көріксіз екендігін көріп қорықты.
3)Түйені алып келеді.
4.
С.II,III,I
ЖАЗЫЛЫМ.
ДОСЫМА ХАТ
Сәлем, досым.Қалайсың? Бізде осындай әдемі есіктер бар екенін білесіз бе?. Сонымен қатар біз әрдайым мектепті бояймыз, сондықтан ол әрдайым ақ түсті Бізде әрдайым ашық терезелер бар, сондықтан ол ыстық емес төбелер өте жақсы. Мен өз мектебімді жақсы көремін. Біз 1 қабатта 3 қабаттан тұрамыз.Оқушылар мен мұғалімдер келеді. 2-ші қабатта 5-сынып оқушылары. 3-ші қабатта жоғары сыныптар оқытылады және фельдшерлік пункт орналасқан.