Бір қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетеді. Мұны биіктен көріп тұрған тау:
E, қаңбағым, қайдан жүрсің, неге келдің? – деп сұрайды.
Қаңбақ түрып:
Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат жер астынан шықтым.
Алып деген атағыңды естіп, алысу үшін әдейі іздеп келдім, – дейді.
Тау бұған жымыңдап күледі. Сол кезде құйын соғып, қаңбақты дедектеткен
бойы аспанға алып шығады. Аспаннан қайта жерге әкеліп, ары-бері аунатады.
Ойға-қырға домалатады. Ақыры өлдім-талдым дегенде, бір шоқ тобылғының
басына іліп, жайына кетеді. Қаны қашып, қабағы түскен қаңбақтың қасына
бір бүркіт ұшып келеді. Ол:
Е, қаңбағым, неғып жатырсың? - деді.
- Алты батпан ауырды арқалаған едім. Жеті қабат жер астынан шығып, алып
атын естіген таумен әдейі келіп алысып едім. Жеті күн дегенде әрең жығып,
желкесінен басып жатырмын, - дейді қаңбақ.
Болса болар, дейді бүркіт те оған күле қарап. — Тобылғыға зорға ілініп
қалған екенсің!
- Әлбетте! – дейді қаңбақ. Одан басқа қолайлы жер болмаған соң,
тобылғысынан ұстап жатқаным ғой.
Сол кезде қүйын соғып, қаңбақты тағы да дедектете жөнеледі.
Бүркіт тұрып:
Е, батыр, қайда барасың тауды тастап. Ол орнынан тұрып кетпей ме?
- дейді.
- Уақа емес, бүркітім, алдымда алысатын әлі де көп алыптар бар. Соларға
жетуге асығып барамын! – деуге ғана шамасы келеді қаңбақтың.
Міне, осылай қаңбақ құйынмен бірге құлдырап үшып кете барады. Артында
күліп бүркіт пен тау қалады
Пойдет
Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments