Резерфордтың негізгі ғыл. жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Алғашқы жұмыстарында Резерфорд радиоактивтіліктің корпускул. және эл.-магн. сәуледен тұратынын көрсетті. Корпускул. сәулелерді - және -бөлшектер деп атады. Зерттеулер -бөлшектердің гелий атомының ядросы, -бөлшектердің электрон немесе позитрон екендігін дәлелдеді. Резерфорд 1903 ж. Ф.Соддимен (1877 — 1956) бірге радиоактивтілікті бір атом ядросының басқа атом ядросына айналуымен түсіндіретін теория ұсынып, осы жұмыстары үшін Нобель сыйлығын алды (1908). 1911 жвлв -бөлшектермен жұқа алтын пластинканы атқылап, олардың шағылуын зерттеу арқылы атомның массасы мен оң заряды оның центріне шоғырланғанын анықтады. Осы зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып Резерфорд атом құрылысының Күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынды. Н.Бор осы модель негізінде атом ядросы мен спектрінің теориясын жасады. Резерфорд 1919 ж. азот атомын -бөлшектермен атқылау арқылы оны оттек атомына айналдырып, алғаш рет атом ядросын жасанды түрде түрлендіруге болатынын көрсетті. Бұл тәжірибе кезінде сутек атомының ядролары үлкен жылдамдықпен ұшып шығатыны белгілі болды. Резерфордтың ұсынысымен оларды протон деп атады. 1921 ж. ол бейтарап бөлшектер — нейтронның болу мүмкіндігі жөнінде болжам айтты. Одан кейінгі жұмыстары әр түрлі элементтердің жасанды радиоактивтіліктерін зерттеуге арналды. Резерфорд атақты физиктердің (Г.Мозли, Дж.Чедвик, Дж.Кокрофт, Н.Бор, В.Тейтлер, П.А. Капица, т.б.) үлкен тобын тәрбиелеп шығарды. [1]
Answers & Comments
Объяснение: