Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмақ емес ! Соғыс күйретуші күш ! Дәл солай ! Барды жоқ ететін . Тауды жер ететін , тауды жер ететін . Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі жалмап жұтатын ажал . Сол қанды кезеңді еске түсіріп , елестетін газет журнал материалдары немесе радиотелехабарлар , кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізеді . Ия , содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де , ешнәрсе ұмтылғын жоқ . Ұлы Отан соғысы .... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін , тарихта мәңгі қалатын күн . Бұл күнді соғыстың алғы шерттерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп , ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды . Ал кейінгі жас ұрпақ сол бейбіт өмірдің қадірін біле ме ? Сауалға өз ойыңызды аргументтермен білдіре отырып , құрылымы сақталған әдеби эссе жазыңыз
Answers & Comments
Ответ:
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбынын, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.