Жалпыұлттық деңгейде «Мәдени мура» бағдарламасын жасау бұдан бес жыл бурын, 2003 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан бастау алған болатын. Содан бері кезең-кезеңмен бағдарламалар түзіліп, көптеген іс-шаралар жүзеге асты. Ал, 2007 жылдан бері еліміздегі тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүйелі де жедел жүріп, оқулықтар мен әдеби кітаптар шығарылды. 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама да осы істердің жалғасы.
Пресс-турға қатысушылар ертеңгілік таң қылаң бере жолға шығып, Жетібай, Шетпе, Жармыш ауылдарының үстімен жүріп отырып, күн шыға бере Маната тауының асуына келіп бір тоқтады. Атаның белгісі тұрған дөңгелек тасқа жинала отырып, дүғамызды оқыдық. Пирамида қыраттар мен ақ таулардың үстін тұман бүркеп тұр. Әдемі көрініс, қарай бергің келеді. Айналадағы шөптердің көк түсі әлі кетпепті. Асулардан үлкен-үлкен ауыр жүк көліктері құлап келеді. Және олар толассыз жиі жүреді екен. Жақындай келе мәшіндерін тоқтатып, аят оқып жатты.
Бағытымыз - Сейсем ата қорымы. Қаладан шыққалы ашылмаған тұман Сейсем атаға келгенде сейіліп, күн жарқырап шыға келді. Киелі түбектің асыл қазыналарын зерттеу, қалпына келтіруге арналған жұмыстардың ең ауқымдысы Сейсем ата кесенесінде де жүруде. Өтес елді мекенінің солтүстік-батыс беткейінде 35 шақырым қашықтықта орналасқан қорым 1982 жылдан бері республикалық дәрежеде мемлекет қамқорлыгына алынған.. 2000-ға жуық ескерткіш бар, олар бір-біріне өте тығыз орналасқан. Сейсем ата миф емес, өмірде болған адам. Мавзолейінің қирандысы әулиенің оңтүстік-батысында. Адамдар бірінші сол жерге барып зиярат етеді. Сейсем атаны мамандар пантеон деп атайды. Пантеон-грек тілінен аударғанда ру басы деген сөз. Бұл жерде Маңғыстаудың атақты байлары. сахи мырзалары, елді жаугершіліктен қорғаған батырлары, адай тайпасының ру басылары жерленген Әйгілі Ер Шотан, Қонай батыр, Әнет батыр, Төлеп батыр, Сүйінғара, жаңай Қожаназар, ескелді Саназар бай, ру басы Қаржау, Матай тәрізді ел жайсаңдарының мәңгілік мекені. Аралап келе жатып, күмбез там, сағана там, сандықтас, арқартас, қойтас, бестас, құлпытастардың небір сұлу пішіндерін көріп, таңдай қағыстық. Маңғыстаудың дәстүрлі сәулет өнерінің небір кереметі осы Сейсем атаға шоғырланған деуге болады.
Қорым туралы алғашқы деректер 1825-1826 жылдары осы өлкеге келген орыс әскери экспедициясының басшысы, полковник Бергтің күнделігінде жазылған. Онда: «Бұл конус тәрізді тас және құм үйінділерден тұратын қасиетті қорым. Қорымдағы ескерткіштердің бүтін сақталғанына қарағанда түрікмендердің немесе осы түбекке алғаш табан тіреген қырғыздардікі (адайлар) болуы мүмкін» делінген.
Answers & Comments
Ответ: