Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. «Отан дегеніміз не»-деген сұрақ туындайды. Туып өскен жер ме мәдениет пе әлде Отан ол үйренген орта ма. Әрине, «орта» деген сөз көп нәрсемен байланысады. Қазақ жерінде туса да, туған бетте шетелге кетіп қалған бала, туған елін «Отаным» деп санамайды. Өйткені, туған жерінде өспегендіктен, оған деген ыстық сезім туындамайды. Адамзат өмірінде адам болып туғаннан кейін қазақ жерінің азаматы, баласы болып туылу меніңше, үлкен мәртебе. Олай болса, туған елге деген патриоттықтың алғашқы белгілері деп алар болсақ, «Менің елім Қазақстан, мен Отанымды сүйемін, мен қазақпын» деген сөздерден басталады деп ойлаймын. Біз Отанымызда өмір сүріп жатқан кезде «Отан оттан да ыстық» деген сөзді жиі пайдалансақ та, оның мән-мағынасына үңіле бермейміз. Ол үшін адам баласы жанын қиюға әрқашан дайын болуы тиіс. Біз тек өзіміз аман-есен ,жақсы өмір сүріп, жақсы тамақтанып, жақсы киініп, мінер көлігіміз бен жайлы, жатар үйіміз болса, барлығы болса деп өмір сүреміз. Алайда, Отан деген осы айтылғандардан да артық екенін әр адам байқай бермейді.
Answers & Comments
Ответ:
Қазақстан- атамекен, құтқонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері нұр тұнған кілем,
Қырлары, қызғалдағы құлпырған жер.
Немесе:
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пене Сахалиннің арасы.
Қайда болсам қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді.