Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып – қағады. Мен анама қанша алғыс айтсам да, өмір бойы анама қарыздармын. Себебі ол мені тоғыз ай, тоғыз күнде жүрегінің астында аман сақтап, жарық мына керемет өмірді сыйлады. туған кунінізбен анашым !!!
О, ана, ана! Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Осы үш-ақ әріптен тұратын сөз не деген құдіретті?! Анадан батыр да, ақын да, данышпан да туады. Біздің оларға бас июіміз керек. Себебі жарық дүниеге әкелген осы аналарымыз. Ақ сүтін беріп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бетімізден қақпай, не қаласақ тауып беруге тырысқан анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да парызын өтей алмайсың. Дүниедегі ең керемет те, ең сұлу да – аналарымыз. Олар бізге құрбы да, жан сырлас та бола алады.
Answers & Comments

Объяснение:
болатын шығар
Ответ:
Туған күніңізбен анашым!
Аспаныңыз ашық өмірыңіз ұсақ болсын