Поэма жарысында өз тұлпарын тауып, сұңқарын зеңгір көкке самғатқан сезім
саяткері, сұлу сөздің суреткері Ж.Әбдірашев шығармаларында ақыл да мол, сыршылдық әбден жетерлік. Ақын жүрегі шындық деп соғады. Асқақ шындық немесе қапысыз шындық. Оның санасы мен көңіліндегі шындық бір ғасырдың шегіне таяп қалған бүгінгі қазақ қауымымен аяулы арманға толы әсемдік әлеміне шақырады. Жарасқан жырына сүйсіну керек, Жарасқан сырынан жігерлену керек. Өмірдің мәнін өлеңнен біліңіз…
Бақытжан Майтанов
Міне, қызық! Жарасқан ақынның қайдағыны тауып алып, шақпа тілмен күлдіріп жүретін юморында шек жоқ еді дейді оны жақсы білетіндер. Ондай әзілдері әлі күнге елдің аузынан түспейді. Бірде көрнекті сатирик ақын Мыңбай Рәшев Жарасқанның поэмасын «Ара» журналында быт-шыт қылып сынайды. Жарасқанға жаны ашығандар
«ондай солақай сынды көзге ілме, саспа» деп жұбату айтады. Сөйтсе, Жәкең: «Мен
өзім Әбдірашев болсам – сол Рәшевтен төрт әрпім артық қой, сасайын деп тұрған
мен де жоқ!», – дейтін көрінеді жұлып алғандай.
Төреғали Тәшен
«Дала, сенің ұлыңмын» – Жарасқан Әбдірашевтің 1975 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген жыр жинағының және поэмасының атауы. Поэма «Туған дала… Сенсің биік тұғырым!.. Сенсің менің абыройым, мақтаным!..» деген асқақ пафоспен басталып, қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Шығармадағы лирикалық қаһарман – автордың өзі.
«Дала» – поэтикалық образ әрі символдық бейне. Мұның астарында бүкіл қазақ даласы, осы кең байтақ өлкені сөзімен де, ісімен де сақтап қалған ата- абаларымыздың қасиетті рухы деген ұғым бар. «Дала» деген сөзге автор «Мен – қазақпын» деген ойды сыйғызып, ата-баба тарихынан сыр төккісі келген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлы дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. «Дешті Қыпшақ» деген сөз – «қыпшақтың даласы» деген сөз. «Ұлы дала» ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі дала кіретін болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері… Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы дала еліміз» деп айтқым келеді. «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді.
Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып,
оның шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің
байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген… Ол халықтық
атау болуы керек», – деген болатын.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Жарасқан ақын «Мен ұлы дала перзентімін»
деген сөзді былай сипаттаған:
Бірге жылап,
бірге күліп ұлы елмен,
кең төсіңде мәңгі-бақи жүрер ме ем!
Ол да – жалғыз,
сен де – жалғыз,
бірақ та,
оны – сен деп,
сені – ол деп білем мен! –деп, лирикалық кейіпкерді даламен егіз етіп бейнелейді.
Ақын поэмасы жазылған уақытқа назар аударсақ, Кеңес өкіметінің әлі іргесі сөгілмеген өз күшінде тұрған уақытымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан «Болған жоқпын Амангелді сарбазы, болған жоқпын Ұлы Октябрь солдаты!..», «Тігер ме едім байрағыңды Берлинге – болған жоқпын қан майданда кешегі, болған жоқпын Қошқарбаевпен бірге!» деген поэма жолдарынан ақын өкінішін аңғарамыз. Бұл жерде ақын өкініші – мен де тарихта аты қалған қайраткерлердей халық қамы үшін еліме ерен пайдамды тигізер едім деген арман-тілек.
Кеңес заманында таптық ұстанымға сүйенген зерттеушілер кеңістік пен уақытты тек тарихи уақыттың ішінде ғана қарастырып келді. Алайда қазір уақыт пен кеңістік мәселесі көркем шығармада да (хронотоп) зерттелуде. Кеңес өкіметі тұсындағы саяси ахуалға байланысты Үш жүздің басын қосқан Абылай хан заманын, одан бергі кезеңдегі тәуелсіздік жолында «халық жауы» атанып, мезгілсіз мерт болған Алаш арыстарын жырға қоса алмаса да, ақын үні асқақ, ой –
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение:
Ж.Әбдірашев поэзиясындағы буын, тармақ өлшемі, ассонанс, аллитерация,
ұйқас түрлерінің молдығы, психологиялық параллелизм, теңеу, метафора, шендестіру тәсілдері арнайы зерттеуді қажет етеді.