Ерлік... Осы бір сөзді естіген кезде көз алдыма сансыз ғаламат ойлар келіп, сонау заңғар тауға асқақтатады. Ел ішінде «Ер елдің айнасы» деген терең мағыналы мақал бар. Түбіне үңіле қарасаң ұшы-қиыры жоқ кеңістікке енгендей сезімде боласың. Дәл осындай мағыналы ойдың бала қиялымды сансыз көп тараптарға жол сілтері рас. Сонау атам заманнан бері білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғап қалған батыр ата-бабаларымыздың ерлік істері бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай іс. Елім деп еңіреп өткен саңлақтарымыздың ерлік істерін есіме алсам, бір марқайып қаламын! Сол кездердегі атқарылған талай жорықтар ел басына төнген қара бұлттың кейпінде еді.
Алайда, қазақ халқының арда туған асыл текті, жауырыны тоқпақтай ерлері елім деп, жерім деп жауға қарсы шауып, бостандыққа қол жеткізуді ғана мақсат тұтқан. Дәл осындай елім деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халқымыз мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерліктерін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтауы тиіс. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Бұл айтылған ойдың негізгі мақсаты-ұлыларды зерттеп,олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету. Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес. Қаһармандар қатарына Т.Бигельдинов, Р.Қошқарбаев, Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова секілді батыр бабаларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату тәтті өмірімізге, бейбіт заманымызға жетіп отырмыз.
Дәл осындай ерліктерімен көзге түскен қазақтың ұл қыздарының ерлігіне бар әлем тәнті. Аспанда өртенген әскери ұшағын әдейі жаудың топтасқан қар қоймасына құлатып, ерлікпен қаза тапқан Нұркен Әбдіров пен жаудың жалын атқан от ұясын өз денесімен жауып, жауынгерлерге жол ашып, қаһармандық көрсеткен Сұлтан Баймағанбетовтің ерліктері жүректі елжіретеді. Қазақтың қос батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың қарумен де, қаламмен де жауға қарсы күрескен Бауыржан Момышұлының ерліктері бізге өнеге. Қазақ даласы үшін бабаларымыздың қаны, аналарымыздың көз жасы аз төгілген жоқ. Елін сүйген ерлердің ерлігі халық жадынан ешқашан өшпейді.
Қазір біздер өз алдына тәуелсіз мемлекетпіз. Осы тәуелсіздікке жетіп отырғанымыз - ел үшін күресте ерлікпен қаза тапқан ағалар мен батыр апаларымыздың арқасы. Олар бұл соғыста: «Өз Отанымызды жау шеңгеліне бермейміз!»- деп алға ұмтылды.
Соның ішінде «жаным-арымның садағасы» және «халқым үшін қасықтай қаным пида» деп ұрандаған қазақ батырларының бірі – Бауыржан Момышұлы. Ол қазақ халқының тарихында ержүрек, батыр, патриот ретінде мәңгілікке жатталып қалмақ! Қазіргі ұрпақтың да дәл осындай ерліктің айшықты көрінісін көрсетіп жүргендері баршылық. Әрине, қазіргі бейбіт заманда ата бабамыздың жасаған ерліктері бүгінгі келешек ұрпақтың көрсетіп жүрген батырлығымен тең түспейді. Алайда, қазіргі жас ұрпақтың ерлігі ретінде олардың Отан алдындағы борыштарын абыройлы ақтап, елінің атын бар әлемге паш етіп, әр кез оны жүрегінің түбінде сақтауын айта алар едім. Қазіргі таңда да қанша азаматтарымыз еліміздің тынышытығын сақтау мақсатында талай жанкешті әрекетке барып қаза тауып жатыр. Халқымыз ерлікті ерекше бағалайды. Бүгінге дейін ішкі істер органдары мен ішкі әскердің 877 қызметкері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталса, 90 сақшы бұл марапатқа қаза болғаннан кейін ғана ұсынылған.
Елім деп еңіреген ерлердің көптеп болуы үшін, меніңше, тәрбиенің таза бұлағымен ұрпақты нәрлендіргеніміз абзал. Отан отбасынан басталады демекші, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берудің астары тереңде екені анық. Ұрпағыңды түзегің келсе, жатыр десеңізші. Қанымызда қайсарлық, жанымызда өткір рух болғандықтан, артымызға бұрылғанда көз тастар батырларымыз жетерлік. Халық әр адамның жанұясы іспетті, тек халық тұрғанда ғана ешкім жетімсіремейді, ал елім деп еңіреген ерлер халқын жетімсіретпесі анық. Туған елі тұрғанда, ержүрек ұл-қыздар халық жанында мәңгі сақталады. Ал ержүрек ұл – қыздар тұрғанда, туған елдің де, туған жердің де тұғыры мәңгі асқақтай бермек. Қазіргі таңда елбасымыздың алдымызға қойып отырған сенім мен мақсаты көп. Елбасымыздың еліміздің бірлігін,ынтымақтастағын сақтап қалуды көздеп, бар игі істерді орындап жүргені баршамызға мәлім дүние.
Соның ішінде елбасының жолдауын негізге ала аламыз. Еліміздің тірегі әрі көшбасшысы өзінің сөзінде Отанымыздың іргесін құлатпай, берік ұстап тұру ол біздің азаматтарымыздың мойнында екендігін жете аңғартқан болатын. Сонымен сол азаматтың ертеңі мен бүгінгісінен хабардар болғаны да жөн. Әр азамат бір отбасының мүшесі. Ал отбасы Отанымызды құраушы белгілі бір бөлшектері.
Answers & Comments
Ответ:

Ерлік пен батырлық
20.01.2020

Әміренова Гүлназ
10 сынып Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы
Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖОББ мектеп
Жетекшісі: Исина Гулден Асылханқызы