Эссе на тему: Бос уақытты тиімді пайдалану.
Эссе должно быть на казахском языке...
Там должный быть “ Күрделі сөз, туынды сөз”.
Помогите пожалуйста и соблудайте правили эссе.
(Кто правилно сделает тогда ставлю лайк, отмечу лучшим, и пишу хорошое коментарий)
Answers & Comments
Ответ:Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.
Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. Адам баласы уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл деген сөз содан қалса керек.
Уақытқа қатысты қызықты деректерге сүйенсек, шамамен 800 миллион жыл бұрын, ерте замандағы тіршілік пайда болғанға дейін Жер бетін қалың мұздақ басып тұрған дәуірде бір жылда 486 күн болыпты. Ал жүз миллиондаған жылдар өткен соң - динозаврлар дәуірінде бір жыл 370 тәулікке дейін қысқарған. Дәл қазір оның небәрі 365 күннен ғана тұратыны белгілі. Неліктен бұлай? Өйткені, ғасырлар өткен сайын ай гравитациясының әсерінен Жер ғаламшарының айналу жылдамдығы азайып келе жатыр. Соның салдарынан күндер ұзарып (шамамен бір мыңжылдықта 1,7 миллисекундқа), ал жылдар қысқаруда.
Объяснение: