Ответ:Туған өлке, туған жер дегенде, адамның бойы дір етері анық. Туған жер-ол Отан ана, тарихың. Туған жер -сайран салып, көбелек қуып, қызықты балалық шақты өткізетін жер ғана емес, ол сенің өткенің мен болашағыңның ұштасуы, сенің болашақта орын табуыңа әсер ететін жақының секілді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық.
Менің туған жерім Жантемір ауылы. Менің ол жерде болашақ тұлға ретінде алғашқы кірпіштерім қаланды. Ол менің кіндік қаным тамған жер, ата–бабам орын тапқан жер.Туған жер туралы сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жантемір ауылы шағын отаным, жүрегімнің төрінен мәңгілікке орын тепкен мекен. Бұл дегеніміз Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік, сағыныш. Туған елден, жерден қияда жүргенде Отанға деген ықылас, ондағы адамдарға, даласы мен жусанына, табиғатына деген сағыныш пен махаббат ыстық болары айқын.
Елге маңдайды тіреп, таза ауамен тынысыңды ашқан кезде, аспанда қалықтап, қырандай самғап күй кешесің.
Осынша ұлан байтақ жерді, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған ата-бабаларымызға мың алғыс! Олардың көз жасы мен тамған қандары еш кетпеу керек. Бабалар аманатына қиянат жасамай, Отанымызды, кіндік қанымыз тамған жерді қадірлеп, қастерлеп, көркейту, болашағын жарқын ету мен секілді жас ұрпақтың қолында. Осындай бейбіт елде жарқын өмір сүріп жатқан бақытты ұландармыз.
Answers & Comments

Объяснение: