Эссе "троица - потребность часа" 150 слов на казахском языке.
Answers & Comments
gayagaya50
Қазіргі таңда бүкіл әлемде өмір сүріп жатқан адамдар сан алуан тілдік ортада өмір сүруде. Бұл жаһандық үрдістен біздің еліміз де тыс қалған жоқ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі – қазақстандықтардың үш тілді меңгеруі болып табылады. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы және ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендетуде тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде.
Көп тілді білу – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік болып отыр. Сондықтан да елімізде үштілді саясатты жүргізу барысында үш тілдің орны, беделі, қолданыс аясы мұқият болуды қажет етеді. Әйтпесе әр тілдің орнын белгілеуде шатасудың орын алуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде осы тілдік саясатты жүзеге асыру барысында сыни пікірлер айтылып жатқаны, осы ойымызды дәлелдейді.