ЭССЕ
"Менің тұңғыш президентім"
Мақсаты: 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күніне орай оқушылардың бойында патриоттық рухты ояту, елжандылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Бағалау критерийлері:
Эссе құрылымы (90-100 сөз)
Тақырыпқа сай эссе жазу.
Эссе құрылымын сақтау.
Орфографиялық нормаларды сақтау.
Эссе тақырыбын ашылуы.
Есімдік түрлерін дұрыс қолдану.
Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер қолдану.
СРОЧНО ДАМ 100 БАЛЛОВ
Answers & Comments
Ответ:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан елінің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын айбарлы адам. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүние есігін ашқан. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.
Объяснение:
Удачи)