Етістіктің шақтары . Тест. 15 балл
1. Қазақ тілінде етістіктің неше шағы бар?
А) 2. В) 3. С) 4. Д) 5. Е) 6.

2. Жалаң нақ осы шақты табыңыз..
А) Отыр, жатыр, тұр. В) Отырды. С) Жүр, тұр.
Д) Отыр, жатыр, жүр, тұр. Е) Жатыр, тұр, жүр.

3. Күрделі нақ осы шақ етістігін табыңыз.
А) Келіпсің. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды.
Д) Келген жоқ. Е) Ұнамай қалды.

4. Ауыспалы осы шақтың жұрнағын белгілеңіз.
А) –ып, -іп, -п. В) -ып,- іп,-а, -е. С) –а, -е, -й.
Д) –а, -е, -й, -п. Е) –ыр, -ір, -р.

5. Етістіктің жедел өткен шақ түрін табыңыз.
А) Баяндалған. В) Баяндалды. С) Баяндама.
Д) Баяндар. Е) Баянда.

6. Күрделі нақ осы шақты табыңыз.
А) Күле берді. В) Күліп тұр. С) Күліп барды.
Д) Күліп қайтты. Е) Күліп келеді.

7. Жедел өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –ды, -ді, -ты, -ті. В) –атын, -етін, -йтын, -итін.
С) –ған, -ген. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.

8. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз.
А) Жүзген. В) Жүзді. С) Жүзбек.
Д) Жүзер. Е) Жүзеді.

9. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
А) Қарама. В) Қарармын. С) Қарағансы.
Д) Қарадым. Е) Қарамақпын.

10. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –ды, -ді, -ты, -ті. В) –атын, -етін, -йтын, -итін.
С) –ған, -ген, -қан, -кен. Д) –ар, -ер. Е) –ып, -іп, -п.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.