Ежелгі Мысыр (көне грекше: Αἴγυπτος, лат. Aegyptus), Та-кемет, Та-мери, Та-уи т.б. ) — әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі.
Ніл өзенінің екі жағалауында орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жылы біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп, бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше «гео — жер, метро — өлшеу» деген мағына береді). Ежелгі Египет шаруалары егіншілікпен айналысты. Шаруаның азырақ жері, малы жəне жеміс ағаштары болды. Егіншілік кəсібі қыруар еңбекті керек етті.
Ніл аңғарында егін салу үшін жерді кұмнан, батпақ пен бұталардан тазартып алған. Олар бұталарды шауып, ол жерге қамыс пен сазбалшықты араластырып, бөгеттер жасаған. Бөгеттерге қақпалар орнатып, жеткілікті мөлшерде су жіберген. Ал бау-бақшаларды арнайы жасаған шадуфтардың (құдық) көмегімен суарған. Ежелгі Египет суреттерінен қолөнердің барлық түрінің дамығанын көреміз. Олар өзінің қолынан жасап шығарған затына қарай бөлінген. Мысалы: мыс қорытушылар, тоқымашылар, балташылар, тері илеушілер, кеме жасаушылар, құмырашылар жəне зеогерлер.
Мемлекет күшейіп , нығайған сайын қолөнершілерді қанау да күшейген. Олардың көпшілігі перғауындар мен бекзадалврдың шеберханаларында жұмыс жасаған. Көбінесе əскерге қажетті қару-жарақтар əзірленген. Қолөнершілер күндіз де, түнде де, жұмыс істеді. Олардың жұмыстарын бақылаушылар үнемі қадағалап отырған.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: