Тəуелсіздік - қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры. Егемендік бізге оңай келген жоқ. Тамыры тереңге тартқан тарих беттеріне үңілер болсақ, орыс отаршылдығы кезеңіндегі Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Кенесары, Бекболат, Жəмеңке мен Ұзақ, Амангелді бастаған ірі көтерілістер мен ұлт азаттық күрестер Тəуелсіздікті аңсаған еліміздің жанкешті ерлігі мен тірлігін көрсетеді. Отызыншы жылдардағы қос нəубеттің қасіретін қалай ұмытамыз. Қолдан жасалған ашаршылық салдарынан халқымыз қынадай қырылды, «Қызыл империяның» құйтырқы саясатының құрбаны болған халқымыздың биік рухты, маңдайалды ұлдары «халық жауы» деген жаламен жазықсыздан-жазықсыз атылды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының кемел келешегі жолында басын бəйгеге тігіп, ажал оғына қасқая қарсы тұрған Алаш арыстары Əлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай əділдіктің ақ туын жықпай, арманда кетті. Тарихта теңдесі жоқ, миллиондаған жанның өмірін қиған Ұлы Отан соғысының отты жылдарында да қазақ халқының ұл-қыздары қаһармандықтың ерен үлгісін көрсетті. Кешегі Желтоқсанның ызғарында намысты ту етіп көтерген қазақ жастары тотолитарлық режимге қарсы шығып, ақ мұзда алау жаққаны биік рухтың, елжандылықтың жарқын көрінісі. Тəуелсіздікке жол ашқан ұлт-азаттық көтерілістің соңғы серпіні болды десек қателеспеспіз. Осылайша, Көкбөрідей киесі бар, көк түріктей иесі бар қазақ халқының сағы сынбады, бағы жанды. Тағдырымызға тəубе! Небір қилы заманды, «тар жол тайғақ кешуді» басынан өткерген қазақ халқына Алланың мейірі түсіп, Егеменді ел атандық! 1991 жылы 16-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» конституциялық Заңы қабылданғанына да, міне, биыл-23 жыл толмақ. Осынау жылдар аясында еңсеміз биіктеп, рухымыз шалқи түсті. Төрткүл дүниеге «қазақ» деген ұлт, «Қазақстан» деген мемлекет танылды, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Шекарамыз айқындалып, жеріміз түгенделді. Елдігіміздің нышандары- Елтаңба жарқырап, көк Туымыз желбіреп, Əнұранымыз асқақтай шырқалды, ана тіліміз жанданып, дініміз оралды. Еуразия жүрегінде, арқа төсінде айдай сұлу Астана бой көтерді. Болашақтан үлкен үміті бар,
Answers & Comments
Verified answer