Қазақ халқы жесірін тастамаған, жетімін жылатпаған халық. «Жетім көрсең жебей жүр, қолтығынан демей жүр» деген халық мақалының астарында терең мағына бар, қазіргі кезде көптеген отбасылар балалар үйінен сәбилерді бауырына басып, ата-ана мейіріміне бөлеуде. Осындай игі істердің көшбасшысы болып жүрген жандар қаншама. Осындай қайырымды жандар көп болса нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі кезде мемлекетіміздің қолдауымен бүкіл ел болып жетімдікті азайту қолға алынуда. «Тәрбие басы – талбесік» демекші, көп нәрсе отбасындағы тәрбиеге байланысты. Толыққанды отбасында тәрбие алған жас ұрпақ жетімдердің көбеюіне жол бермеуі тиіс. Сонымен, елімізде жетімдер саны қысқарып, әр бала өзінің отбасында ата-анасының, туысқандарының қасында болып, ата-ананың махаббатын, аялы алақанын, мейірімін көрсе екен дейміз. Қазіргі кезде жетімдік қиянатын тарттырмаудың бір жолы жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата-аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі жандарға үкіметіміз қолдау көрсетуде.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: