Срочно! Даю 70 баллов!
«Наурыз –ұлыстын ұлы күні!» деген тақырыпқа диалог жазыңыз Тақырыпқа қатысты күрделі сөздерді қолданып жазыңыз. Жазылымда қаратпа сөйлемдерді қолданыңыз. /составьте диалог по теме «Наурыз –ұлыстын ұлы күні!» применяя слова обращения и полные ответы. 6 вопросов/
Answers & Comments
Ответ:
—Балам, түрегел! Бүгін ұлыстың ұлы күні- Наурыз.
— Иә, ата қазір.
—Кеше әкең бірнеше көшет әкелген, соны екеуміз отырғызайық, жүре ғой!
—Ата неге оны бүгін егу керек?
— Балам, жаңа жылда жас шыбық отырғызу ата- бабаларымыздан келе жатқан ырым.
— Оо бұл дегеніңіз жақсы ғой, есімде болады ата, жүріңіз мен күректі ала жүрейін.
— Әже, сіз не пісіріп жатырсыз?
— Балам, ұлыстың ұлы күні Наурызда 7 түргі дәмнен жасалған “Көже” әзірленеді.
— 7 түрлі дәм дейсіз бе?
— Иә балам, бұл көжеге: ет, қазы, бидай, жүгері, тары, айран, тұз қосып жасап жатырмын.
—Иісі өте керемет әже! Тезірек дәмінде көргім келіп тұр!
Ертеректе Наурызда болған диалог:
— Қыздар, Наурызды күнінен бұрын бастап кеттік, бүгін 22- наурыз, жігіттер түнімен той-думандатты, оларға ұйқыашар дайындайық.
— Иә, иә, бұл бұрыннан келе жатқан салтымыз.
— Дұрыс айтасың, ол болмаса мереке сәні кіреме, жүріңдер керек өнімдерді алып келейік.
— Мен ашыған қымыз ала келейін, Нүрилә кешегі езілген құртыңды ала кел!
Қыздар Ұйқыашар тағамын, жігіттерге ұсынады. Жігіттер қайтарымы ретінде қыздарға “ Селтеткізер” яғни күмістен жасалған бұйымдар, айна тарақ сыйға береді.