Мұхит бөліктері. Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады. Теңіз – мұхиттың бір бөлігі, алайда суының қасиеті, ағыстары және ондағы тіршілік дүниесі жөнінен мұхиттан айырмашылығы болады. Теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады. Мысалы, Баренц теңізі Солтүстік Мұзды мұхиттың бөлігі, Балтық теңізі – Атлант мұхитының бөлігі, Беринг теңізі – Тынық мұхиттың бөлігі, ал Қызыл теңіз – Үнді мұхитының бөлігі.
Материкке қатысты орналасуына қарай теңіздер ішкі және шеткі теңіздер болып бөлінеді. Материктердің шетінде мұхиттармен жалғасып орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп атайды. Шеткі теңіздерге Баренц, Кар, Лаптевтер, Чукот, Охот, Шығыс Сібір және басқа теңіздер жатады.
Answers & Comments