Біздің қалада фабрика бар ол жақта сүт өнімдерін дайындайды мысалы ірімшік,май,быздын фабрика күшті
6 votes Thanks 8
aidosalbina
Фабрика (лат. fabrіca — шеберхана) — машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны. Фабрика мен зауыттың арасында экон. тұрғыдан айырма жоқ. Дегенмен, фабрика негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын дайындайтын кәсіпорын. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада болған өнеркәсіп төңкерісі нәтижесінде бұрынғы мануфактуралардың орнына құрылды. Фабриканың мануфактуралардан айырмашылығы онда бірыңғай қол еңбегінің орнына машина кіргізіле бастады. Ресейдегі алғашқы фабрикалар 19 ғасырдың бас кезінде пайда болды. Қазақ жеріндегі фабрикалар 19 ғасырдың 2-жартысынан салына бастаған. Олар негізінен шикізат өңдеу (жүн, тері, т.с.с.) үшін пайдаланылды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда үлкен қалалардың барлығында дерлік ірі-ірі фабрикалар салынды. Олар соңғы үлгідегі құрал-саймандармен жабдықталып, халық тұтынатын тауарлар шығарды. Бірақ 1970 — 1980 ж. бүкіл кеңес экономикасының “тоқырауға” ұшырауы салдарынан олардың шығарған тауарлары шетелдік технологиялармен бәсекеге түсуге қабілетсіз болып шықты. Сөйтіп, 1990 — 2000 ж. Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшкен кезде олардың көпшілігі жабылуға мәжбүр болды. Дегенмен, қазіргі кезде жергілікті фабрикалардың көпшілігі шеттен инвестиция тарту арқылы жаңа технологиялар әкеліп, өз жұмыстарын жандандыра бастады.
Answers & Comments
Ответ:
Біздің қалада фабрика бар ол жақта сүт өнімдерін дайындайды мысалы ірімшік,май,быздын фабрика күшті