Фариза Оңғарсынова, стихи на казахском, легкие и быстро запоминающие пж°~°
Answers & Comments
АннаКошка123
Қасаңсып кеткен кезімде қайрақ тастардай қашалған, кездесіп, сендік сезімге, көзіме балқып жас алғам!
4 votes Thanks 1
GauharGD
Ойларым менің ойран боп сарқылып жүрген кезімде, бұрқан да талқан сезімге алқынып жүрген кезімде, жанашырларды қайғыртып дал қылып жүрген кезімде, жер менен көктен жай таппай шарқ ұрып жүрген кезімде, жолықтың маған, жақсы Адам, ерекше тұлғаң басқадан. Осындай сәтте ойлап па ем кездесемін деп тап саған. Дұшпанды талай жасқаған таусылып менде асқақ ән, түңіліп барлық тірліктен жүгініп менен жыр күткен жұртым бар-ау деп саспағам, ысырып бәрін тастағам. Құшағын маған ашпаған қиқа да жиқа өмірдің несіне мәз боп мастанам? Бәрін де қойдым, бездім деп налимын, көзге жас та алам. Шешімге бір-ақ келгенмін... ... әттең, тек үміткерлердің сенімдерінен жасқанам.
Answers & Comments
қайрақ тастардай қашалған,
кездесіп, сендік сезімге,
көзіме балқып жас алғам!
сарқылып жүрген кезімде,
бұрқан да талқан сезімге
алқынып жүрген кезімде,
жанашырларды қайғыртып
дал қылып жүрген кезімде,
жер менен көктен жай таппай
шарқ ұрып жүрген кезімде,
жолықтың маған, жақсы Адам,
ерекше тұлғаң басқадан.
Осындай сәтте ойлап па ем
кездесемін деп тап саған.
Дұшпанды талай жасқаған
таусылып менде асқақ ән,
түңіліп барлық тірліктен
жүгініп менен жыр күткен
жұртым бар-ау деп саспағам,
ысырып бәрін тастағам.
Құшағын маған ашпаған
қиқа да жиқа өмірдің
несіне мәз боп мастанам?
Бәрін де қойдым, бездім деп
налимын, көзге жас та алам.
Шешімге бір-ақ келгенмін...
... әттең, тек үміткерлердің
сенімдерінен жасқанам.