Географияның зерттеу нысаны - әр түрлі дәрежедегі географиялық орта компоненттерінің орналасуы мен өзара әрекеттесу заңдары мен заңдылықтары болып табылады. Зертеу нысанының күрделілігіне және кеңдігіне байланысты география пәні ортақ географиялық ғылымдар жүйесін құрайтын бірнеше мамандандырылған (салалық) ғылым түрлеріне бөлінеді. Олардың ішінде ерекше аталатындар: жаратылыстану география ғылымдары (физикалық география, жердің географикалық қабықтарын тану ғылымы, тoпырақтану, климатология, гляциология, гидрология, океанология, палеография) және қоғамдық географиялық ғылымдар (әлеуметтік-экономикалық география, тарихи география). Кейде географиялық картографияны да жеке ғылым ретінде бөліп айтады.
Географиялық зерттеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау.
Answers & Comments
Ответ: