Хабарландыру!!! Құрметті қала тұрғындары! 2019 ж. 6 шілде күні қала күніне орай «Нұр-Сұлтан қаласы менің көзіммен...» тақырыбында әуесқой суретшілердің суретшілердің шығармашылық байқауы өткізілетіндігін хабарлаймыз! Байқауға 11-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Байқаудың өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Орталық саябақ Басталуы: сағат 10.00-де. Қажетті құрал-жабдықтар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылады. Жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі номинацияларда анықталады және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқауға қатысу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласып, алдын ала тіркелу қажеттігін ескертеміз. Байланыс тел.: 8 747 565-66-87, 8 701 550-49-65.
Осы мәтіннен
Түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөзді тауып беріңдерші теззз керек
Answers & Comments
сӨз
Сөздің мағына беретін бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады.
Түбірдің ерекшеліктері:
1.Сөздің мағына беретін бөлшегі.
2.Қосымша жалғанбай — ақ дербестігі болады.
3.Қосымшасыз да дербес қызмет атқарады
4.Түбір морферма дара түрде де, қосымша морфеманы жалғап та, қайталанып та басқа морфермалармен қосарланып та, бірігіп те , тіркесіп те жұмсала алады.
5.Түбірге бір немесе бірнеше қосымша жалғанса да, тұлғасын сақтайды
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген т. б. сөздердің түбірлері — жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол — із немесе сапар, сау — сүт алу, мектеп — оқитын орын, көр — көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық деген сөзде) -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -діқ (мектептердің деген сөзде) -ін, -ген (көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады.
Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын т. б. дегендерде ешбір мән жоқ. Түбірге қосылғанда, оған бүтіндей жаңа мағына қосады, мысалы, жол — із я сапар болса, жолдас — жолға бірге шығатын адам я серік; не қосымша мән үстейді: мектеп — оқу оқитын орын болса, -тер деген қосымша сол мектептің біреу емес көп екенін ғана білдіреді. Сөйтіп, қосымша түбірсіз қолданылмайды және оның мәні тек түбір арқылы айқындалады.
Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын езгертеді немесе жаңа мағына тудырады. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады.
Туынды сөз – сөзжасам саласының негізгі ұғымы. Қазақ тілінің сөздік құрамында қолданылып жүрген қазіргі атау сөздердің бәрі дерлік туынды атаулар. Қазіргі қазақ тіліндегі бір буынды ат, ақ, су, жақ, тау, т.б. атаулардың өзі Туынды сөз ретінде танылады. Бұл сөздер тұлғалық жағынан өзгермегенмен, мағыналық құрылымы семантикалық сөзжасам негізінде дамыған. Сондықтан да бұл атаулар іштей көпмағыналылыққа, антонимдік сыңарлар мен синонимдік қатарларға жіктеледі.