Халқымыздың салт-санасындағы қасиетті ұғымдардың бірі – үлкен үй немесе қара шаңырақ. Бұл – мұрагерлік жолмен ұрпақтан-ұрпаққа көшкен бір әулеттің арғы аталарының түтін түтеткен үйі. Қазақ дәстүрі бойынша бір әкеден туған ағайындылар ержетіп, үйленген соң, өз алдарына отау тігіп, бөлек үй болады да, біреуі ғана сол шаңырақта әке-шешесінің қолында қалады.
Әдетте, әке шаңырағында кенже ұлы қалатын болған. Әке шаңырағын «үлкен үй» деп атап, отау иелері құрмет тұтқан. Ал бұл шаңырақ осылай бірнеше ұрпаққа ауысса, ата-бабадан жалғасқан қара шаңырақ деп аталады. Бірге туғандар өз әкелерінің шаңырағын қара шаңырақ деп емес, «үлкен үй» деп атаған.
Демек, қара шаңырақ ұғымы «үлкен үйден» де жоғары, қастерлі ұғым. Біздің бала күнімізде «пәленше атаның қара шаңырағы түгеншенің қолында, ауылға келгенде әуелі сол үйге түсу керек» деп жататын. Олай істемесең, өкпе-реніш айтылатын. Дәстүр-салтты білмегенің үшін ұятқа қалатынсың.
Қара шаңырақ – бір әулеттің тараған түп тамыры. Оны сыйлау – ұлтын сыйлаудың алғашқы баспалдағы. Қара шаңырақта отырған азамат атадан жалғасқан бақ-берекенің ұйытқысы ретінде сол әулеттің қадірлі азаматы саналатын. Барлығы құрметпен қарайтын. Жиын тойда, сый дастарқан басында сол қара шаңырақ иесі жасы кіші болса да, төрден орын алатын. Айналасындағы ақсақал, көксақалдардың өзі «қарағым, сен қасиетті қара шаңырақтың иесісің, жасың кіші болса да жолың үлкен, асқа батаны сен жаса» деп кішілік танытып жататын.
Қара шаңырақты қастерлеудің тағы бір үлгісі – қыста соғым сойғаннан кейін отау үйлер «үлкен үй» немесе қара шаңыраққа сыбаға апаратын. (Ең қадірлі мүше бір жамбасты қоспаларымен асып, табаққа салып апарады.)
Барлық келін үлкен үйдің босағасын аттағанда, оң тізесін бүгіп, сәлем ететін. Шаңырақ иесінен басқа, келін еш уақытта төрге шықпайтын. Міне, осының бәрі – қара шаңыраққа деген сый құрмет, кішілік инабат
Осы мәтін арқылы 6 сұрақ құрастыру
Answers & Comments
Ответ:
1)халқымыздың салт санасындағы касиетты ұғымдардың бірі?
2)Үлкен үй деп нені айтады?
3)Қара шаңырақ кімдерге қалады?
4) Неліктен бірінші үлкен үйге барады?
5)Үлкен үйде қалған адам қандай болды?(сыйлы)
6) Нешінші ұлы қара шаңырақта қалатын болған?
Объяснение:
Барынша құрастырдым,дұрыс болмаса ренжімеңіздер!!!