August 2022 1 2 Report
ХХI ғасыр адамзат өмірінің барлық саласына жағымды жаңалық енгізіп ғана қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Жаңа мамандықтардың басым бөлігі нарықтық экономиканың өз күшіне мініп, IT саласының ілгері дамуына байланысты ортамызға жетіп отырғаны белгілі.
Мәселен промоутер – белгілі компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын адам.
Бариста – кофе, сушист – суши дайындаушы.
Постижер – адамның шашынан жасанды шаш, мұрт жасаушы.
Радиохирург – радиотолқындардың көмегімен операция жасайтын дәрігер.
Имиджмейкер – адамға сәнді образды таңдап, талғамын жақсартуға тырысады.
Бұдан бөлек әлемде әңгімелесуші, кезекке тұрушы және сіз үшін киім таңдайтын байер деген қызықты мамандық түрлері де кездеседі.
Бұл тізімдегі мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатқаны анық. Әрине олардың жалақылары да жаман емес.
Жаңа заманның талабына сай маман атану – табысқа жеткізетін жол. Сондықтан да жастарға заман мен ғаламның түрленуіне байланысты пайда болған мамандықтарды игеріп, жұмыс істеген дұрыс.

2-тапсырма.
1.Мәтіннің тақырыбын анықта.
_____________________________________________________________________________
2. Мәтіннің негізгі идеясы қандай?
_____________________________________________________________________________
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.