«ХХІ ғасырдағы Қожа» – бүгінгі заманның баласы тәртіпсіз қылықтар жасаса, қандай әрекеттерге бой алдыруы мүмкін
составте из этого ЭССЕ 80 сөз(в книге нету)
Answers & Comments
kztresher35
2016 жылдың қыркүйек айында сәті түсіп, курсқа оқуға баратын болдым. Бұл курс басқаларға қарағанда ерекше болды: біріншіден мектеп басшыларының оқуы, екіншіден оқу мерзімі тоғыз ай, үшіншіден Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетімен бірлескен бағдарлама бойынша оқытуы. Маған бірден қолайлы болған тұсы мен жұмыс істейтін мектепке ПШО-ның жақын орналасуы болды.Көптен күткен күн де келіп жетті.Оқуымыздың бірінші күні топ тренерімен таныса сала ,сабақ басталып кетті.Оқу алдында ешқандай қорқыныш, қобалжу болған жоқ, өйткені мен өз тәжірибеме сендім, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет еткеніме он алты жылдан асыпты. Керісінше оқуға деген мотивациям өте жоғары болды. Оқудың бірінші күні-ақ тренеріміз Ғалия Толықбаева «өзгеріс мектепке қажет пе?» деген тақырыппен миға шабуыл жасады. Өзіміздің бала күнімізден сүйіп, көрген «Менің атым Қожа» фильмін көре отырып ХХ ғасырдың мектебі, Қожасы, Майқановасы және қазіргі ХХІ ғасыр Қожасы мен Майқановасы қаншалықты өзгергені туралы ой бөлістік, сондағы негізгі қағида мен үшін, еш өзгермегені- мұғалімнің миссиясының оқушы, ата-ана, қоғам мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, мұғалім бірінші кезекте баланы тәрбиелеуші, оның жан дүниесін қалыптастырушы дер едім. Әрине, ХХІ ғасыр Қожасы- тоқшылық,ғылым мен техника дамыған, жаһандану заманында өмір сүріп жатыр.Дегенмен, заман қанша өзгеріп, қазіргі Қожа түрлі гаджеттермен ғаламторда виртуалды өмірмен қатар өмір сүргенімен, адами, қазақи құндылықтарымызды ұстану, сақтау маңызды мәселе , әсіресе қазіргі таңда өте актуалды болып отыр.Бүгінгі Қожаны кешегі дәстүрлі сабақпен қызықтыра алмайсың деуге де болады. Олай болса, жалпы мектеп қандай бағытта даму керек, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін қалай ұйымдастырған жағдайда оқу сапасын арттыруға, оқушылардың мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін өмір сүру дағдыларының қалыптасуы және мұғалімдердің жаңа форматта сабақ беруін қалай ұйымдастыруға болады деген күрделі сұрақтар туындайды.Осы сұрақтардың шешімін табу мақсатында бірінші ( «бетпе-бет») аудиториялық кезеңнен кейін мектепті дамытудың жоспарының (МДЖ-1) жобасын жасап, әрбір топ мүшесі өз жұмыс орындарына оралып, бір ай бойы тренерден, үлестірмелі кітаптардан оқып үйренгенімізді іс жүзінде іске асыру мақсаты тұрды.Осы жерде біздің тренереміздің өз ісінің шебері екенін айта кету дұрыс деп ойлаймын, өйткені Ғалия Нұрманқызы топтың әрбір мүшесінің білім қоржынына мүмкіндігінше ресурс беріп, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде үйретіп және маңыздысы «мен» емес, «біз» ұғымын қалыптастырды.
34 votes Thanks 49
abilbolat294
спасибо кнч но ты опаздал я вчера все сделал
Answers & Comments