Химия осыған дейін өздерің оқып үйренген география, биология, физика сияқты жаратылыстану ғылымдарының бірі. Мұнан баска химия ғылымы геология, экология, т. б. ғылымдармен терең астасып жатады. Ғылым салаларының бұлай байланысып жатуы дүниенің біртұтастығынан, оны оқып білуге әр жағынан келуге болатындығын көрсетеді.
Химия ғылымының энергетикалық, экономиялық, экологиялық, ауыл шаруашылык, медициналық және тағам өндірісіндегі мәселелерді шешудегі маңызы да орасан зор.
Химия - заттар және олардың өзгерістері туралы ғылым. Заттар дегеніміз денелердің құраушылары, мысалы, күнделікті өмірде шыныдан, пластмассадан және металдан жасалған құйғыштар пайдаланылады (су, сүт, бензин құйғанда). Бір дене әр түрлі заттан жасалған. Физикалық денелер - бізді коршаған бұйымдар. Денелердің массасы мен көлемдері болады.
Answers & Comments
Ответ: