June 2023 1 13 Report
Қазақстандағы ұлттар достастығы I нұсқа «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл­ тегіннен-тегін айтылмаған. Ауызбірлік пен­ түсіністік, қарапайым сый­лас­тық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істер болатыны белгілі. Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының ар­қа­сында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көпұлтты халқымыздың ын­ты­мақтастығы, бейбітшілігі мемлекетіміздің басты же­тіс­тігі, байлығы. Оны толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты ме­ха­низмі болуы керек. Ал жаңа қа­зақ­стан­дық патриотизм барлық қоғамды, барлық этносты бі­рік­тіруі тиіс. Бұл дегеніміз, әрбір Қазақстан аза­матының өзінен бастап, көп­ұлтты қоғамымызға барынша адал қызмет етіп, өз үлестерін қо­суы адами борышы. Ел ішіндегі ұлтаралық тату­лықты нығайтуда маңызды конс­титуциялық орган болып саналатын, әлем кеңістігінде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының Елбасы бас­тамасымен құрылуы – толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты ме­ха­низмінің нәтижесі. Бұл Ассам­блеяның орны айрықша. Ол – бейбітшілік пен келісімді тиім­ді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және­ конфессияаралық толе­рант­тылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды. Қазақстанда барлық этнос­тың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ті­лін дамыту жүзеге асырылып келеді. Бастысы, біздің таңдап алған жолымыз дұрыс, оның айқын көрінісін өткен жылдар тәжірибесі айқындап берді. Нұрсұлтан Әбішұлының президенттік басқару жолы елімізді экономикалық және саяси күрделі жағдайда дағдарыстан абыроймен шығарды.Ал Елбасымыздың мемлекетімізде экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалардың дұрыс жүргізілуіне байланысты қалыптасқан ұлтаралық татулықтың тұрақтылығы әлем сахнасында Қазақстанның беделін арттырды.


1.Мәтіндегі басты тірек сөздерді анықтаңыз.
А) ұлттар тұтастығы мен халықтар татулығы,достастығы,ынтымақтастығы мен бейбітшілігі.
В) Экономикамыздың қарқындап дамуы , мәдениетіміздің гүлденуі.
С) Көп­ұлтты қоғамымызға барынша адал қызмет ету, өз үлестерін қо­суы D) Таңдап алған жолымыз дұрыс, оның айқын көрінісін өткен жылдар тәжірибесі айқындап берді.
Е) нарықтық экономика құрылымының тетігі қалыптасты.

2.Сөйлемді аяқтаңыз. Қазақстанда барлық этнос­тың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ті­лін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты ме­ха­низмі ....
А) үлгісінің негізіне айналды В )Экономика құрылымының тетігі қалыптасты
С) Қазақстанның беделін арттырды
Д) үлгілі өнеге болды
Е) Жүзеге асырылып кел

3.Ауызбірлік пен­ түсіністік, қарапайым сый­лас­тық үстемдік неге әкеледі ?
А) Басқаларына үлгілі өнеге болмады В) Қазақстанның беделін арттырмады. С) Қазақстандық үлгісінің негізіне айналған жоқ.
Д) Өз үлестерін қо­суы адами борышы деп білемін
Е) Қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі

4. Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты қандай ?
А) өз үлестерін қо­спауы
В) кө­ре­гендік пен болашақты бол­жаудың нәтижесі емес
С) нарықтық экономика құрылымы
Д) толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты ме­ха­низмі.
Е) Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы.

5. Қазақстан халқы Ассамблеясы кімнің бастамасымен құрылды?
А) Біріккен Ұлттар Ұымымен .
В) ТМД елдерімен
С)Шетелдік елдер қауымдастығымен Д) Қазақстан Ата заңымен
Е) Елбасы бастамасымен

6.Қазақстанның беделін не арттырмайды ?
А) Экономикалық және саяси күрделі жағдайда дағдарыстан абыроймен шығуы.
В) Әлеуметтік және саяси реформалардың дұрыс жүргізілуі, қалыптасқан ұлтаралық татулықтың тұрақтылығы.
С) Толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты ме­ха­низмі
Д) Ауызбірлік пен­ түсіністік, қарапайым сый­лас­тық.
Е) Көп­ұлтты қоғамымызға барынша адал қызмет етпейіп, өз үлестерін қо­спауы

7. Жаңа қа­зақ­стан­дық патриотизмге қатысы жоқ сөйлемді анықтаңыз? А) Барлық қоғамды, барлық этносты бі­рік­тіруі тиіс.
В) Толе­рант­тылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналуы.
С) Экономикалық және саяси күрделі жағдайда дағдарыстан абыроймен шығаруы.
D)Тұрақтылығы әлем сахнасында Қазақстанның беделін арттыруы. Е)Қазақстанда барлық этнос­тың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ті­лін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты ме­ха­низмі жүзеге асырылуы
F) Шетелге кетуге мақсат қою

8) Мәтіннің мазмұнына қай мақал сәйкес келмейді ?
А) Татулықта табыс мол.
В) Ынтымақтың түбі - игілік, тірлік түбі - бірлік.
С) Жақсы жұмыс –жанға тыныс
Д) Бірлігі жоқ ел тозады,бірлігі күшті ел озады.
Е) Бірлікті ел бұзылмас.

9) Мәтін қандай стильде жазылған ?
А) Ғылыми стиль
В) Публицистикалық стиль
С) Ауызекі сөйлеу стилі
Д) Ресми стиль
Е)Көркем әдебиет стиль

10) Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының ар­қа­сында қандай нәтижеге жеттік?
А)сауда –саттық дамып жатқан жоқ В) әлем сахнасында Қазақстанның беделін арттырмады.
С) толе­рант­тылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналған емес Д)мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді
Е) толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты ме­ха­низмі жүзеге асырылып келмейді​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.