Тыңда. Мәтінді оқы. Бүгінгі таңда ғаламдық экология мәселелерi ғаламдық, аймактык және ұлттық мәселелер болып бөлінеді. Экологиялық қауіпті мәселелер: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әр алуандылықтың азаюы, қоршаған орта мен судың ластануы және т.б. Бұл мәселелер тек кана барлық мемлекеттің қатысуымен, БҰҰ-ң (Біріккен Ұлттар Ұйымы) басқаруымен ғана шешіледі. Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады. Теңіз, мұхит суларының ластануынан ондағы тіршілік көзі жойылады. Мәселен, балықтар мен итбалықтардың қырылуы. Осы мәселелердің алдын алу үшін мұнай өндіру құралдарына арнайы сүзгілер орнатылады. Ауаны тазарту қондырғылары орнатылады. Экологиялық мәселе біздің елімізде де орын алған. Арал теңізінің суы тартылып, экологиялық апатты аймакка айналды. Суы тартылып, теңіздің түбі құрғап қалды. Құрғап қалған теңіздің түбіндегі зиянды тұзды шаң желмен тарайды. Бұл тұздар ауаны ластап, кышқыл жаңбыр жауады. Экологияның әлемдік мәселеге айналуы ауаның ластануымен тікелей байланысты. Себебі ауада мемлекеттік шегара жоқ. Сондықтан атмосферадағы ауаны қорғау ғаламдық мәселеге айналып отыр. Қазір де экология мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Тіпті экологияны бұзғаны, ластағаны үшін айыппұл мөлшерi де тағайындалып, экологияны қалпына келтіруге ерекше назар аударылуда. Сондықтан, досым, өзіңнің болашағың үшін, ең алдымен, қоршаған ортаның экологиясына көңіл бөл! (выпишите из текста сложыве слова, сложносокращенные,слитные,парные и словосочетания)​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.