Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуды аңсады. Қаншама батырларымыз, ер жүрек апа-ағаларымыз елін, жерін қорғау мақсатында оққа ұшты. Тәуелсіздік – ата-бабамыз армандаған асыл армандарының бірі екенін білеміз. Ел болғанда да өзге елмен терезесі тең, өзгелер қызыға қарайтын ынтымағы жарасқан ел болса деді. Ұрпағымыз тілін құрметтесе, алысқа, өзге елдерге қырағылықпен қарап, терең біліммен болашағын бағдарлай алса, байлығын қорғай алса, жауын ақылмен тізгіндей білсе, иманды болса деп армандаған. Ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі қайғыға ұшырады. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі болсам да, Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін Тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Тәуелсіздік бізге тегіннен тегін келген жоқ. Осы күнге дейін құрып кетпей, ұлан байтақ жерде Қазақстан деген мемлекеттің болуы - ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша елі, жері үшін кеудесімен оқ тіреп, соңғы демі үзілгенше еліне, ұрпағына осынау кең қазақ жерін сақтап қалуынан. Ұрпағымыз тілін құрметтесе, алысқа, өзге елдерге қырағылықпен қарап, терең біліммен болашағын бағдарлай алса, байлығын қорғай алса, жауын ақылмен тізгіндей білсе, алғыр да иманды болса деп армандаған. Арманға жету үшін біздің біліміміз, ақыл- ойымыз, іс- әрекетіміз нық болуы керек және үнемі ізденіспен ойымызды рухани жаңғыртып отыруымыз қажет. Рухани жаңғыру–елдігіміздің шыңға шығар жолының бастауы болмақ. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз болуы тиіс. Тәуелсіз елдің ұрпағымыз деп қуануымыз керек.
Answers & Comments
Verified answer