жоспар ОСЫ МАТИНГЕ
генерал. Болған оқиғаны толыгынан баянданызшы, мен тек шет жағасын ғана естiп едiм, - деді Кеше немiс бiзге үш рет шабуыл жасады, онысына бiздiн жiгiттер тиiстi сыбағасын берiп тойтарды. Жау ет жемесе де, сорпа ішкендей болып, бетi кайтып, өршуі басылып, ымырт жабыла шабуылын тоқтатты. Ол туралы полк командирi сiзге айтқан болар, мен оған толығынан айткам. Сағат кешкі тогызда менiн бақылаушыларым десятидворканын ар уйiне 20-30-дан немiс даланын суығына шыдай алмай, қонуға барды деген хабарды жеткiздi маған. Батальонды орынбасарыма тапсырып, бетiнен барсақ сезiп қояр деген оймен, қасыма 10 жiгiт ертiп, бiр пулемет, бiр миномет, бiр кiшкене зеңбіректi шанага тиеп, 12 километр орайлап айналма жолга салып, тунгi сагат екi шамасында немiстер жатқан қыстақтын дал артынан шықтық. 500-600 метрдей жакындағанда қару-жарақтарды қыстаққа кезеп, орналастырдық. Әбден ұйықтап жаткан немiстер шошып оянып, оларды опыр-топыр уйден далаға шығару мақсатымен зеңбіректiн болат тесетiн он оғын жаркыратып, бiрiнiң артынан бiрiн дамылдата жiбердiк. Күтпеген жерден шуйдеден соккан кандай жаман, кешікпей-ак немiстер орындарынан қарғып тұрып, у-шу болып кешеге шыға келгенде, кезеп қойған пулеметке сөз берiп, 500 ок шығардық. Онын устiне миномет құрбақаша бақылдатып 70 минаны «кайдан шыксаң, онан шык» деп немiстерге сәлемдеме жiбердi. Бiз келген жолымызбен кайта сызып тұрдық. Қыстақтан бiз екi километрдей узаганда, баяғы бiз тұрған жерге немiстiң барлық ауыр минометтерi таң атқанша аупілдеп атып, мина жаудырумен болды. Батальонга келе салып 20 шақты автоматчиктер жiберiп едiм, олар барып 120 немістің өлiгiн санап, документтерiн алып келдi. Оны полктiн штабына тапсырдық... Бұл істі басқаруға қарамағымдағы командирдiң бiреуiн жiберуге, әлде көңiлдегiдей iстей алар ма екен деген қауiппен батылым бармай, езiм бардым. 42 - Кейiнгi сезiме күліп: - Иа, жазыктысыз, аға лейтенант жолдас, дедi. дұрыс - дұрыс, сатi түскен жумыс болып, тунде жолыныз болған екен. Сiздiн муныныздан уш пайда тауып отырмыз: бiрiншi немiстердiн саны 120-ға кемiдi, екiншi олар таң атқанша бiрнеше жүз ауыр минасын айдалаға атып, бекерге шығын болды, ендi шабуыл жасаса, ол атылган миналар бiздiн жiгiттердің басына туспейдi, онын мина коры азайды. Үшінші мандайдан тимей, шүйдеден тиген соң, немiстер артымызда дұспан жүр екен деп, үрейленiп, көп ойга қалып, тыныш ұйықтамай, желкесiн қорғауға күшiн бөліп алақтайды - ол да бiзге улкен олжаның бiрi,-деп корытты карт генерал... -
Answers & Comments
1.Немістердің шабуылы
2.Соғыс
3.Қарт генерал