Қазақта "Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын", "Досы көпті жау алмайды" деген мақалдар бар. Шынымен де досы бар адамның қорғаны да бар. Нағыз дос жолдасын жамандыққа қимайды, сатқындық жасамайды, жауға бермейді. Сондықтан досы көптің олжасы да көп екені анық. Доссыз адам - қанатсыз құспен тең. Дек доспен ғана өмір мәнді әрі сәнді болады. Адамның жақындарына да айта алмайтын сырлары болады. Сондай кездері ішіңдегіні досыңа ғана ақтарып айтып, сенім арта аласың. Менің Алтынай және Маржан есімді достарым бар. Олармен бірге ойнап, бірге күлеміз. Сабаққа да бірге дайындалып, үнемі бірге жүреміз. Сабақ оқығанда олармен ақылдаса, бірлесе отырып тапсырмаларды орындайтындықтан, оқу да жеңіл көрінеді. Әрі бәріміз де жақсы баға аламыз. Бір-бірімізге осылайша көмектесіп, жақсы үлгі беруіміздің өзі олжа деп ойлаймын. Және біз бір-бірімізге қиын сәтте қолдау білдіріп, түсіністік танытып, көмек қолын созамыз. Бір-бірімізге сырымызды айтсақ, тіс жармаймыз, сырын өзгеге шашпаймыз. Бұл да қымбат дүние, үлкен олжа емес пе? Сондықтан достармен өмір көңілді, сондықтан достар да - туысың, жақының сияқты баға жетпес адамдар. Мен оларды жоғалтқым келмейді.
Answers & Comments
Ответ: