І. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Әсел сәрсенбі күні емханаға барды. Ол екінші қабатта қан тапсырды.
Емханада отбасы дәрігері, тіс дәрігері, көз дәрігері бар. Әсел отбасы дәрігеріне кірді. Дәрігер Әселдің жүрегін тыңдады. Дәрумен ішуге кеңес берді. Отбасы дәрігері Әселді тіс дәрігеріне және көз дәрігеріне жіберді. Тіс дәрігері оның тістерін тексерді. Тіс дәрігері: «Тістеріңді дұрыс тазала», - деп кеңес берді.
Содан кейін Әсел көз дәрігеріне барды. Онда ол көзін тексерді. Көз дәрігері көзге пайдалы дәрумендер туралы айтты. Әселдің тістері таза, көзі жақсы көреді. Отбасы дәрігері оған: «Сенің денсаулығын жақсы», - деді.
№
Сұрақ
Жауап
1
Әсел қайда барды?
2
Әсел қандай дәрігерлерге барды?
3
Әсел емханаға қашан барды?
4
Әселді тіс дәрігеріне кім жіберді?
5
Тіс дәрігері қандай кеңес берді?
6
Отбасы дәрігері қандай кеңес берді?
Answers & Comments
Verified answer
Сәлем
Жауаптар:
1. Әсел емханаға барды
2. Әсел отбасы дәрігеріне, тіс дәрігеріне және көз дәрігеріне барды
3. Әсел емханаға сәрсенбі күні барды
4. Әселді тіс дәрігеріне отбасы дәрігері жіберді
5. Тіс дәрігері "Тістеріңді дұрыс тазала" деп кеңес берді
6. Отбасы дәрігері дәрумен ішуге кеңес берді
Сәттілік!!!