I. ОҚЫЛЫМ. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге тақырып қой.
Су – қалыпты жағдайларда сутегі мен оттегінің тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын бірден – бір минерал. Су түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Су – қабаты 5 метрден асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.
Жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорына мұхит, теңіз, көл, жерасты сулары жатады. Су атмосферада бұлт, тұман, бу, жаңбыр, тұрінде болады. Су буға айналады. Будан бұлт пайда болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге жауады.
Мұздақтар мен айсбергтер су болып есептеледі. Адам, өсімдік пен жануарлар денесінің бір бөлігі судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, оттегінің 50% - ын мұхит пен теңіздер береді.
Жер бетінде ішетін су аз. Ол күн сайын азайып барады. Сондықтан суға қамқорлықпен қарау керек. Ол біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады.
_________________________________________________________________________________

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз.
1. Су қорына нелер жатады?
________________________________________________________________________________
2. Жер бетінің неше пайызын су алып жатыр?
_________________________________________________________________________________
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.