Реформалардың алғышарттары XVII ғасырдың өзiнде-ақ қалыптасты. Бұл уақытта мемлекет Романовтар әулетiнiң алғашқы өкiлдерiнiң мемлекеттiк қызметiнiң нәтижесiнде Аласапыран жылдардың салдарынан туындаған әлеуметтiк-экономикалық және саяси дағдарыстан шыққан едi. Iшкi нарықтың қалыптасуы сауда ережелерiн реттеу қажеттiгiн туындатты. Осыған байланысты 1653 жылы “Жарғылық кедендiк грамота” қабылданды. Қаржылық және салықтық жүйелер жетiлдiрiлдi. Монархияның сословиелiк-өкiлдiк формасының саяси құрылысы бұрынғыдан да абсолюттiлiкке ұмтыла түстi: бiртiндеп земстволық соборлардың қызметi тоқтатылды, патша атақтарының iшiнен шексiз билеушi дегендi қолдану жиiледi. Боярлар думасының билiгiн шектеудегi алғашқы қадам жергiлiкшiлдiктi шектеу (1682) болды.
Answers & Comments
Ответ: