I тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Үтік
1882 жылдың 16 маусымы ресми емес мереке - Үтік күні. Осы күні американдық өнертапқыш Сэли Генри электр үтігін ойлап тапты. Үтік — киім-кешектердің мыжылыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Тігін жұмыстары кезінде ылғалды-жылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу, желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет. Алайда үтіктеу бір қарағанда оңай көрінгенімен, іс жүзінде кейбір маталардың қыртысын жазуға біраз әрекеттену керек екенін байқаймыз.
Киім қыртысын жаюдың амалдары. Бірінші кезекте матаның ішкі жағында орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады. Егер үш нүктелі үтік белгісі тұрса, бұл матаны максималды температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді. 200 С дейін температурамен мақта, зығыр маталарын үтектеуге болады. Екі нүктелі үтік белгісі орташа температурада, 130 С дейін температурамен жібек, вискоза, полиэфир, полиэстерден жасалған киімдерді үтіктейді. Ал бір нүктелі үтік белгісі сәл қыздырылған 120 С дейін температурамен нейлон, капрон, вискоза, полиакрил, полиамид, ацетатты ұқыптап үтіктеу керек екендігін білдіреді. Үтік белгісі сызылған болса, онда бұл затты үтіктеуге болмайды деген сөз.
Үтіктеу кезінде су сепкішті пайдаланбағаныңыз жөн, кейбір кезде бұл жібек матаның бетіне дақ қалдыру мүмкін. Үтіктің су қоймасындағы судың мөлшері мен тазалығын қадағалауды ұмытпаңыз. Тек таза суды пайдаланыңыз.
1. Мәтін бойынша 7 сұрақ жазыңыз ,сұраққа толық жауап беріңіз.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
II тапсырма.
1. Эссе. 100-120 сөз.
Тақырыбы: Роботтар адам орнын алмастырады.
2. Диалог құрастырыңыз. (10-12 сөйлем)
Тақырыбы: Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады?
пжжжж срочна
Answers & Comments
Ответ:
1.
да
нет
да
да
2.
в
3. Киім қыртысын жаюдың амалдары. последовотельность Бірінші кезекте матаның ішкі жағында орналасқан зат белгісіне назар аударыңыз.
4.
нет
5. в начале
эссе
Роботтар 21 - ғасырдың ең бірінші ерекшеліктерінің біреуі. Қазіргі уақытта роботтар барлық салаға еніп кеткен. Жұмыстың роботтандырылуы көптеген адамдардың жұмыссыз қалуына себеп болуда. Ең қарапапйым мысал ол телефон кітапшасы. Осыдан 10-15 жыл бұрын арнайы телефон анықтамалары бар еді. Ол анықтамаларда барлық телефон нөмірлері тіркелеген болады. Сол кітапша арқылы телефон номер іздейтін едік. Ал қазір ол кітапшаға да оны жасайтын адамдарға қажет жоқ болып кетті. Себебі оның бәрі ұялы телефонда бар.
Роботтардың бір артықшылығы олар шаршамайды және қателеспейді. Сол үшін біз санауда калькулятор қолданамыз, себебі ол қателеспейді. Калькулятор да роботтың бір түрі.
Объяснение:
не стал заморачиватся скинул сумативку деолога у нас небыло