І тапсырма
Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.
1. Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр, соған сәлем бер.
2. Уа, қой деймін,бала!
3.О йпырым-ай, мынау не деп отыр өзі?
ІІ тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
1. ..., әжем ауылдан қонаққа келді!
2. ..., мынау не деп тұр!- деді атам.
3. ..., ... әзер жеттім.
Керекті сөздер: аһлеп, уһлеп, алақай, ойпырым-ай.
ІІІ тапсырма
Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.
Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.
Answers & Comments
Ответ:
1-тапсырма.
Әй, Уа, Ойпырым-ай (сөздерінің астын сызу)
2-тапсырма.
1. Алақай, әжем ауылдан қонаққа келді!
2. Ойпыр-ай, мынау не деп тұр! - деді атам.
3. Аһлеп, уһлеп әзер жеттім.
3-тапсырма.
Шіркін-ай, ауылдың табиғаты керемет қой!
Әй, шырағым балам, атаңды шақырып келші.
Ух, әзер жеттім ғой.
Ойпыр-ай, не болды сонша, айтсаңшы?
Қап, көліктің кетіп қалғаны-ай.