Бiздiң заманымыз акпарат ғасыры. Сондықтан қазір ғаламтор жүйесі барлық жерде қосылған. Қай жерде жүрсек те, әлемде не болып жатканын жылдам бiлiп отырамыз. Мен 5-сынып окып жургенде ғаламтор клубтарына жиі ба- ратын едім. Былтыр әкем біздің үйге де ғаламтор желісін қосты. Сондықтан мен қазір ғаламтор клубтарына бармаймын. Қажет ақпаратты үйде отырып, тауып аламын. Тек демалыс күндерінде достарымызбен әдейі жиналып баратын кездеріміз болады. Мен ғаламторды үй тапсырмаларын орындағанда көбірек пай- даланамын. Әсіресе, реферат, жоба жұмыстарын жазғанда өте көп қараймын. Бірақ ешқашан дайын материалдарды көшірмеймін. Өйткені көшіру мәдениетке жатпайды. Ғаламторда оқушыларға арналған сайттар: ашық энциклопе- диялар, анықтамалар, географиялық карталар, ең мәнді тарихи дерек қоры бар. Мен биыл қазақ тілінен «Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы» атты жоба жұмысын жазып, мектепішілік байқауға қатыстым. Бірінші орын алдым. Енді қысқы демалыста қалалық байқауға қатысамын. Осы жобаны орындауда маған ғаламтор көп пайдасын тигізді. Мен үш тілді еркін білемін. Олар: орыс, қазақ, ағылшын тілдері. Қазір ғаламтор аркылы француз тілін де үйреніп жүрмін. Онда аударма, түсіндірме сөздіктерді пайдаланамын. Қазақ тілінен сабаққа дайындалғанда аударма сездiктен жеке сөздердің ау- дармасын караймын, ал түсіндірме сөздіктен түсiнiксiз сөздердің мағынасын іздеймін. Өзiмнiң бiлiмiмдi сынау ушін кейде әдейі сөздіктерді өшіріп тастаймын. Бұл езiм бiлетiн сөздерді есіме түсіру үшін өте пайдалы. Ғаламтордан өзіме қызық онлайн кітаптарды окимын. Кей- де кино, мультфильмдерді көремін. Әйтсе де компьютерде көп отырмауға тырысамын. Ата-анам да кеп отыруға рұқсат етпейді. Себебі компьютерде көп отыру денсаулыққа зиян. Компьютерді күніне 2 сағаттан артық пайдаланбаған жөн. составьте 7 вопросов
Answers & Comments
Ғаламторда оқушыларға арналған қандай сайттар бар?
Автор қысқы демалысында қандай байқауға барады?
Бала неше тілді және қандай тілдерді біледі?
Ғаламтордан қандай ақпарат алуға болады?
Баланың ата-анасы гаджетте отыруға рұқсат бере ме?
Компьютерде отыру неліктен зиян деп ойлайсың?