II. Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.3-түрлі себебін көрсетіңіз.(3-балл)
Қандай іске уақыт бөлген жөн?
Уақыт-адамға берілген нағыз сый.Бос уақыт жоқ,босқа өткен уақыт бар.Уақыт қордаланып жиналмайды, кері қайтарылмайды. Сыйға тартылмайды. Мирас ретінде қалдырылмайды.
«Өмір-мұхит,уақыт-толқын» деген Абай атамыздан қалған сөз бар. Уақыт бәрін өзгертеді: махаббатты,сезімді,ойды,арманды,бақытты,заманды,көңіл-күйді,дертті,адамды.
Уақыт-біздің өміріміз. Сондықтан қандай іске уақыт бөлген жөн? Еңбекке уақыт бөл, бұл-табыстың көзі.Күнделікті жұмыстарды көңілмен орында.Ойлауға уақыт бөл, бұл-күш –қуаттың қайнары.Демалуға уақыт бөл,бұл-тың болудың кепілі.Оқу үшін уақыт бөл,бұл- білімнің іргетасы.Жақсы көру үшін уақыт бөл,бұл-өмір шындықтарының бірі. Әр адамның уақытқа деген көзқарасы осындай болуы керек.
Уақыт-адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт-әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса,енді біреулердікі бір тиын.Сондықтан уақытты өте тиімді пайдалану керек. Себебі уақытты үнемдеу-табыстың кілті.
«Уақыт адамзатпен санаспайды,ал уақытпен санасқан адаспайды» деген нақыл сөз бар.Қазіргі жастық шақ –адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы.Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні-жылға азық», дейді халық. Сондықтан адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Себебі уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды.
Уақыттың қадірін білу керек.Әрбір жылдың,айдың,аптаның, бір күннің ,бір сағаттың ,бір минуттың,бір секундтың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!
Жазылым. (7-балл)
III. Берілген үш тақырыптың бірін таңдап,жазба жұмысын орындаңыз. Жазба жұмыстарында сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып,қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сын есімнің шырайларын орынды қолданып және сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданыңыз. (60-70 сөз).
1.Уақыт-ең қымбат дүние.
2.Көп тіл білу-рухани байлық.
3.Қазақстан экологиясын сақтау.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.