Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстыратын үлкен сауда бағыттарының бірі - Ұлы Жібек жолы. Жібек Жолы б.з.д III гасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI гасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары - әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауга, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз слуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
Тындалған мәтін бойынша тест тапсырмасын орында.
1. Шығыс пен Батысты байланыстыратын үлкен сауда жолы:
A) Дара жол Б) Сара жол
C) Ұлы Жібек жолы
A) III ғасыр Б) VI-VII ғасыр
C) XVI ғасыр
айтылған?
A) Тараз Б) Отырар
C) Түркістан
3. Ұлы Жібек Жолы арқылы:
2. Қай ғасырға дейін қызмет етті?
1. Шығыс пен Батысты байланыстыратын үлкен сауда жолы:
A) тек сауда жолы ғана дамыды Б) сауда жүйесі, мәдениет және ғылым орталықтары дамыды
C) өркениет, мәдениет құлдырады
4. «Кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болады» бұл қай қала туралы
5. Отырар каласында дамыды:
A) туризм Б) білім мен ғылым саласы
C) айырбастау, сату, сатып алу
Answers & Comments
Ответ:1С 2С 3Б 4 Тараз 5Б
Объяснение: