Қазақ халқының «Имандылық қастерлі қасиет», «Имандылық — инабаттылық айнасы», «Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен», «Иманды адам — арлы адам, имансыз адам- сорлы адам» секілді нақыл сөздерінде имандылыққа үлкен мағына беріліп, жас ұрпақтың ұлтының озық дәстүрін, әдет — ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенген.
Сөздікке сүйенер болсақ, Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Яғни, имандылық адам бойындағы барлық асыл, ізгі қасиеттердің бастауы деп те білуге болады. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан.
Имандылық үлкенді сыйлау, ар-ұят, ожданды білу, инабатты болу осы тәрбиеден басталады. Өйткені ар – ұят, ождан – иманның кілті.
Жастарды имандылыққа тәрбиелеу отбасынан басталады. Отбасы – адам баласының өсіп - өнетін, үлкен өмірге қанат қақтыратын ұясы. Ал отбасындағы тәрбие анадан бастау алады. Сондықтан әрбір қазақ отбасында ата – ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дейді халық даналығы. Сондықтан жастайынан бойға сіңген мінез басқа бір зор күш әсерінен болмаса, есейгенде де сақталады.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Иманыдылық – тәрбие мен ізгілік негізі.