Импрессионизм (фр. іmpressіonnіsme, іmpressіon – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді әсерлі бейнелеуге ұмтылды.
Бейнелеу өнерінде импрессионизмның алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делакруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері (К.Моне, О.Ренуар, Э.Дега) қалады. Олардың шығармаларынан өмірдің немесе табиғаттың бір сәттілік бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін, жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Импрессионизм өкілдері табиғаттағы құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, анық жеткізуге тырысты. Түстердің түрленуін алғаш көрсеткен де импрессионизм ағымы болды. Францияда 1870 жылдан бастап импрессионизм көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
осылардың ішінен оқып жазасың