in
Адамның атының суйкімді болуы да зор бақыт па дей мін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бакыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар - жоғары идеялы есім дер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса калса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыс пен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың біреуін өзгертіп алар едің! ...
Жарайды, «Өткенге өкініш жоқ» дегендей, істің турасына көшелік. Менің атым — Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.
Шынымды айтсам, бұл о баста Кожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған....
Сонымен, мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды.
Біз бір класта екі Кожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Кожа. Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін өңімізге қарап, мені «Қара Қожа», оны «Сары Қожа» деп атайды.
Әуел баста мен бұған өкпелеп қалатын едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге деп жалт қарайтын болдым.
«Әу!» Фамилиям — Қадыров... Кадыр — менің әкем...
(Б. Соқпақбаев)
краткое содержание
Answers & Comments
Відповідь:
простите но по какому ето язику вообще?
Пояснення: