Ответ:Бүгінгі қоғамдағы болып жатқан сан-салалы жаңалықтар,алыс жақын елдермен жасалып жатқан әр қырлы байланыстар,жастардың өмір тіршілігіндегі кездесіп жатқан қиындықтар мен қайшылықтар, жалпысы, қоғамдық құбылыстағы бұрын-соңды болмаған қозғалыстар мен өзгерістері адам тәрбиелеу шеңберінде,дәлірек айтқанда,бала тәрбиелеуді,өткен тарихымызда сыналған тақтақ жол,іргелі тәжірибе-«иманда ұл,ибалы» қыз тәрбиелеу мұратына еріксіз бағыттауды талап етуде.
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген.«Бұрынғы уақытта – деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында; — қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жаумен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен »-дейді.«Адамгершілік»-адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабат-тылық», «кісілік» сөздерімен мәндес. Ұлттық тәрбие ілімінде адамның жағымды мінез-құлықтарын осы ұғымдардан таратады.Мінез-құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады: адамды сыйлау, ар- ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б. Адамгершілігі ар-ұяты бар адамның бет бейнесі, иман жүзді-лігі жарқын, биязы өзі парасатты келеді. Ондай адамды халық иманжүзді кісі деп құрметтейді. Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Халқымыздың түсінігінде иман сөзінің аясында сенім мағынасымен қатар, барлық асыл қасиеттерді (ұят, ар-намыс, сабырлық, жомарттық, шыншылдық, адалдық, мейірімділік, кішіпейілділік т.б.) қамтитын түсініктер көрініс тапқан.
Answers & Comments

Объяснение: