Нағыз итбалықтар (лат. Пһоцідае) – ескекаяқтылар отрядының бір тұқымдасы.
Итбалықтардың бұлай аталуына сыртқы құлақ қалқанының болмауы себеп болған. Олардың артқы аяқтары қысқа, әрі құрлықта қозғалуына қатыспайды. Түгі ірі қылшықты, мамығы болмайды. итбалықтардың жалпы 22 туысының қазіргі кезде 13 туысы 18 түрі Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде, Антарктида жағалауында және кейбір үлкен ішкі су айдындарында таралған. Итбалықтардың негізгі туыстарына: жолақты итбалық, Гренландия итбалығы, кәдімгі итбалықтар, нерпалар, теңіз пілдері, т.б. жатады.
Итбалықтардың көпшілік түрлері қоныс аударады. Итбалықтар ауа-райы күрт өзгерер алдында теңіз жағалауындағы жартастар арасындағы бұғаздарға тығылып, мазасыз күй кешеді. Артқы аяқтары тек суда жақсы жүзу қызметін атқарады. Олар судың терең қабаттарына түсіп, су ішінде ұзақ уақыт бола алады. Солтүстік жартышардағы итбалықтар мұз үстіне шығып тынығады, әрі мұз үстінде күшіктейді, ал Оңтүстік жартышардағы түрлері – тынығу үшін жағалауға шығады. итбалықтардың тері астындағы қалың май қабатының дене темп-расын бірқалыпты ұстаудағы маңызы зор. Итбалықтардың түйсік қабілетінің жоғары дәрежеде дамығаны анықталған. Мысалы, олардың денесіне қатты соққы тиген кезде көздерінен жас ағып “жылайды”, музыка әуеніне еліктейді.
Итбалықтың аналығы жылына бір рет күшіктейді. Күшіктерінің көзі ашық, денесі қалың, ақ түсті мамықпен қапталған. Осыған орай оның күшігін “ақүрпек” деп атайды. Күшіктері алғашында суда жүзе де, сүңги де алмайды. Үш аптадан кейін олардың түгі біртегіс, әрі қылшықты күйге ауысады. Итбалықтардың негізгі жауы теңізде – касатка дельфині, ал жағалауда – ақ аю, ал күшіктеріне ірі жыртқыш балықтар шабуыл жасайды
Answers & Comments
Ответ: