ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
1-тапсырма. Төменде берілген мәтіннен көнерген сөздерді тауып, түсіндірме бер.
Қазақ халқы ертеде киіз үйде тұрған. Сондықтан үй мүліктері мен жиһаздары ұлттық
қолөнер дәстүрі бойынша көшпелі тұрмысқа лайықталып жасалған. Түрлі материалдардан
әзірленетін үй бұйымдары киіз үй кеңістігімен жараса үйлескен. Оларда халықтың сан ғасырлық
бай тәжірибелері көрініс тапқан. Үй жиһаздары көп орын алмайтындай және көші-қон кезінде
алып жүруге қолайлы болатындай етіп жасалған.
Үй жиһаздары — сандық, жағлан, кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал, ағаш төсек, қол сандык,
шай сандық, қобдишалар, төсеніш бұйымдары — кілем, текемет, алаша, сырмак, құрақ көрпе, жер
жастық және заттар мен ыдыс-аяқтарды сақтап, тасымалдайтын бұйымдар керме, кесеқап,
аяққап, қоржын сияқты дүниелерден тұрады.
No
Көнерген сөз
Түсіндірме
Answers & Comments
Объяснение:
Көнерген сөздер:жағлан,жүкаяқ,əбдіре,асадал.
Жағлан-теріден не киізден жасалған үй жиһазы.
Жүкаяқ-сандықтың астына қойылатын жиһаз.
Əбдіре-киім-кешек пен түрлі бұйымдар, тұрмыстық заттарды салып сақтайтын, сырты ою-өрнектермен əшекейленген үлкен сандық түрінің атауы.
Асадал-ыдыс-аяқ сақтайтын қапшық.