Елге пайдалы кәсіптің иесі болу үшін әрине бірінші білім керек.Екінші өзіңнің біліміңе сәйкес мамандық иесі болуың керек.Сол жоғары біліміңмен,сүйген мамандығыңмен кіріскен кәсібің еліңе пайдалы болып жатса нұр үстіне нұр болар.Заңгер,ұстаз,дәрігер мамандығыда жақсы,халыққа пайдаң тиеді.Біздің елімізде "Қазақстанда өндірілген"деген белгісі бар өнеркәсіптер жоқтың қасы екен.Себебі өнеркәсіптердің көбісі шетелден келген заттарды құрастырумен айналысады екен.Еліме пайдасы тисін деген кәсіпкер қандай кәсіп ашқаны дұрыс?Мал шаруашылығы елімізде дамыған шаруашылықтардың бірі.Неге осы өнеркәсіпті қолға алмасқа?! Мал өсіріп,ет,сүт,жүн өндірудің кәсібін ашса,еліне пайдасы тиер еді.Халықтың арасында жұмыссыздық азаяр еді.Ет өнімдерін сүрлеп,консервілеп "Қазақстанда өндірілген"деген атпен шетелге шығарса,елге валюталар құйылмайма?Сүт өнімдерін,шұбат,қымыз,қатық,айран өнімдері бүкіл Қазақстанды,шетелді қамтамасыз етсе,елге пайдаң әрине тиеді.Малға бай Қазақстанда тұрып,украйнаның "Милоко"сүтін,ресейдің ірімшігін пайдаланатынымыз өтірік емес қой.Неге өз өнімдерімізді пайдаланбасқа?! Жүннен киімдер,сырмақтар,аяқ киімдер қазақы ою -өрнекпен безендіріліп шықса кәсібіңнен береке табатының шындық.Қаржысы бар,білімі жоғары еліміздің азаматтары тойхана мен базарларды көбейте бермей,халқына,еліне пайдасы тиетін кәсіптер ашса нұр үстіне нұр болар еді.
Answers & Comments
Ответ: