Каспий маңы ойпаты шөлейт және шөл аймақтарды қамтиды. Сортаң бозғылт қоңыр және қоңыр топырақ сипатты сор мен сортаң кең көлемде таралған. Солтүстігінде жусанды-бетегелі, оңтүстігінде жусанды-сораңды өсімдіктер басым. Жануарлардан ұсақ кеміргіштер – сарышұнақ, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б. жиі кездеседі. Еділ мен Жайықтың аралығындағы құмдарда ақбөкен, қарсақ кездеседі. Еділдің атырауы су құстарына бай. Каспий маңы ойпатында мұнай, газ, ас тұзы кен орындары мол. Қар жамылғысының жұқа түсуі қысқы мал жайылымына қолайлы. Көлдете суғару жемшөптен мол өнім алуға мүмкіндік береді. Еділ – Ақтөбе жайылмасында бау-бақша, техникалық дақылдар және күріш егіледі. Еділдің атырауында Астрахан қорығы, шығысында мемлекеттік Үстірт қорығы орналасқан.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: