Казахский язык 5 класс
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным»
Мәтінді мұқият оқы, тапсырмаларды орында
Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Ол Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Астана бұрын «Ақмола» деп аталған. Кеңес үкіметі кезінде қала «Целиноград» деген атауға ие болған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола ресми түрде Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атау туралы жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы болды. 2006 жылдан бастап «Астана күні» 6 шілдеге ауысты. Жыл сайын осы күні «Астана күнін» тойлаймыз.
Астана – жас әрі сұлу қала.Астана қаласының бас символы – «Бәйтерек» монументі. Оның биіктігі – 97 метр. «Бәйтерек» монументі – Есілдің сол жағындағы алғашқы сәулет туындысы. Астанада саябақтар, жаңа ғимараттар бар.2001 жылы 8 қыркүйекте «Қазақстан картасы – Атамекен» тарихи – этнографикалық кешені ашылды. Саябақта Қазақстанның қалалары мен тарихи ескерткіштер көрсетілген.
1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Астана қаласы бұрын қалай аталған?_____________________ [1]
2. Ол қай жылдан бері Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады? ____________ [1]
3. Астана қаласының бас символы - не?__________________________________ [1]
4. Астана қаласы қандай атаққа ие болды?________________________________ [1]
5. Жыл сайын Астана күнін қай күні тойлаймыз?___________________________ [1]
6. Астана қандай қала?_________________________________________________ [1]
7. Қай жылы Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды?___________________ [1]
2 -тапсырма. Берілген сөздердің синонимін жаз.
елордасы - ________________ [1]
сұлу - ________________ [1]
жарияланды – ________________ [1]
қаласы –________________ [1]
3 -тапсырма. Етістіктерді болымсыз түрге айналдыр.
Бұз...., жүгір...., бөл..., кешік..., айт...., оқы...., жаз...., кел...., бар...., жола..... . [2]
Answers & Comments
Ответ:
1-тапсырма
1.Ақмола бұрын болып аталған.
2.1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола ресми түрде Қазақстанның астанасы болып жарияланды.
3.Астана қаласының бас символы – «Бәйтерек» монументі.
4.Кеңес үкіметі кезінде қала «Целиноград» деген атауға ие болған.
5.2006 жылдан бастап «Астана күні» 6 шілдеге ауысты. Жыл сайын осы күні «Астана күнін» тойлаймыз.
6.Астана – жас әрі сұлу қала.Астана қаласының бас символы – «Бәйтерек» монументі. Оның биіктігі – 97 метр. «Бәйтерек» монументі – Есілдің сол жағындағы алғашқы сәулет туындысы. Астанада саябақтар, жаңа ғимараттар бар.2001 жылы 8 қыркүйекте «Қазақстан картасы – Атамекен» тарихи – этнографикалық кешені ашылды. Саябақта Қазақстанның қалалары мен тарихи ескерткіштер көрсетілген.
7.1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.
2-тапсырма
елордасы-Астана, ел жүрегі
жарияланды-хабарлау,ақпарлау, мәлімдеу.
қаласы-Астана
3-тапсырма
Бұзба,жүгірме,бөлме,кешікпе,айтпа,оқыма,жазба,келме,барма,жолама.